- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 15 Қаңтар, 2021
Ердоған тікелей эфирде вакцина салдырды

14 қаңтарда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған баспасөздің алдында коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасының біріншісі салынды. Анкарада ауруханада өткен процедура тікелей эфирде көрсетілді.
Вакцина салдырғаннан кейін Ердоған Twitter және Telegram желісінде жазды.
Мемлекет басшысына CoronaVac вакцинасы салынды. Оны Түркия Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан сатып алды. Daily Sabah мәліметінше, елге бұл препараттың үш миллион дозасы әкелінген.
Түркия президенті ел тұрғындарының тезірек вакцина алатынына үміт білдірді. Оның айтуынша, Қытайдан тағы 25-30 миллионға жуық доза жеткізілген.
"Біздің вакцинация бағдарламамыздың арқасында 254 мың медицина маманы вакцинаның бірінші дозасын алды. Мен де оларға қосылып, вакцина салдырттым", - деді түрік басшысы.

100 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *