Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 15 Қаңтар, 2021

Ғалымдар: Өздерін бəрін білем деп санайтындар - білімсіз адамдар

Өздерін барлығын білеміз деп сенетін адамдар ең білімі төмен адамдар болып шығатыны зерттеу арқылы анықталыпты.

Даннинг-Крюгердің эффектісі туралы естіп пе едіңіз?! Онда білімі ең әлсіз адам өзін ең ақылды деп санайтыны туралы айтылады.

Зерттеушілер Дэвид Даннинг пен Джастин Крюгер  өз зерттеулеріне негізделген ғылым тұжырымдамасында:  «Бұл типтегі адамдар әрдайым теріс қорытынды жасайды, әрі осы қорытындысы арқылы дұрыс емес таңдау жасап қана қоймайды, сонымен қатар олардың білместігі олардың білмеген нәрселерін тануына жол бермейді», - депті.

Осындай зерттеу ғылыми дәлелдемелерді жоққа шығаратын адамдар арасында да жүргізілген екен. Сауалнамаға американдықтар, француздар мен неміс азаматттары қатысыпты. Олар генетикалық түрлендірілген тағамға деген көзқарасы туралы сауалнама толтырыпты.  Сондай-ақ олар ғылым мен генетика бойынша алғашқы білімдерін тексеру үшін қос тестілеуден де өтті.

Сауалнама нәтижесінде генетикалық түрлендірілген тағамға ең қатты қарсылық білдіретін адамдардың ғылым және онымен байланысты салалар туралы білімі төмен екендігі анықталыпты. 

Бірақ олар  өздерін ең білімді адамдармыз деп көреді екен. Зерттеушілер «адамдар неғұрлым аз білсе, соғұрлым олар ғылымнан бас тартуға бейім»,-деп қорытынды жасағанын  Канадалық “National Post” басылымы жариялапты.

«Білімнің  жетіспеушілігі жаңа ақпаратқа ашық болу,  оған қол жеткізе білу мүмкіндігіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан, оқыту арқылы білім берумен қатар, ештеме білмейтінін түсіне алатын  «терезені» ашып беруміз керек »,-деген екен зерттеуші авторлар.

Колорадодағы Боулдер университетінің профессоры Филипп Фернбах:«Генетикалық түрлендірілген тағамдарды әлемнің көптеген ғалымдары әлі күнге дейін қауіпсіз деп санайды, бірақ белгілі бір себептермен адамдар бұған қарсы.  Алайда, бұл қарама-қарсылықтардың бірнеше деңгейі бар және біздің зерттеуіміз ең шеткі, ең шеткі бағыттарға бағытталған », - дей келе, адамдардың «білім шатасуынан» барған сайын зардап шегетіндігімізді және олардың орнын біліммен толтыру қиын екендігін айтыпты.

“Nature Human Behavior” атты ғылыми журналы ғылыми коммуникаторлар немесе қоғаммен байланыс мамандары кәсіби зерттеушілердің жұмысын көпшілікке таныстыруға және түсіндіруге баса назар аударғанымен, білмейтіндерге, түсінгісі келмейтіндерге бұл жұмыстары ешбір  жеткіліксіз екендігін айтып, басқадай жолмен бұл мәселені шешу қажет екенін атап өтіпті. 

АмантайТойшыбайұлының фейсбук парақшасынан

Дереккөз: ublife
 

713 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *