- Құмсағат
- 15 Қаңтар, 2021
Дамир Исмағұлов Алматыда жаттығып жүр

Дамир Исмағұлов оқу-жаттығу жиынын Алматыда өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жиын. Қазақстандық Dar Team командасының сапында дайындалып жатырмын. Бабыма келген соң көктемде жекпе-жек өткіземін деп жоспарлап жатырмыз. Күрес, бокс, ММА – барлық спорт түрінен жаттығып жүрмін», – дейді файтер.
Айта кетейік, жеңіл салмақта бұрынғы М-1 чемпионы Дамир Исмагулов UFC туы астында 2018 жылдың желтоқсан айынан бері өнер көрсетіп келеді. MMA әлемдегі жетекші лигада ол үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Соңғы кездесуінде ол 2019 жылы 31 тамызда Шэньчжэньде бразилиялық Тиаго Мойзеді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

206 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *