Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 15 Қаңтар, 2021

Коронавирустан қорғауға арналған қолғаптар қолданылған болып шықты

Мәскеуге коронавирустан қорғауға арналған 10 миллионға жуық қолданылған медициналық қолғапты жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы мәскеулік прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, шетелдік компания мен Жаңа Мәскеудегі коммерциялық ұйым арасында келісімшарт жасалған. Оған сәйкес компания Ресейде сату үшін бір реттік винилді қолғаптарды жеткізуі тиіс болған. Прокуратура мәлімдемесінде кедендік декларациялар негізінде 9,9 миллионнан астам бір рет қолданылатын қолғап жеткізілгені айтылған.

Сондай-ақ, өнімдер мәлімделген сапаға сәйкес келмейтіні анықталды, қолғаптар бұрын қолданылған болып шықты.

Прокурорлық тексеру материалдары тергеу органдарына жіберілді. РФ ҚК 30-бабының 3-тармағы, 236-бабының 1- тармағы (санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзуға әрекет жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура тергеу нәтижелерін бақылауға алды.



652 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз