Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қаңтар, 2021

COVID-19: Елорда "қызыл" аймаққа енді

 Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді. Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 16 қаңтар күні «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді.

«Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.

Еске салайық, кеше елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты. Оған сәйкес, қалада карантин талаптары қайта күшейтілді. Демалыс күндері ойын-сауық мекемелері жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ сенбі-жексенбіде қоғамдық көлік қатынамайды. Бұдан бөлек, православ христиандарының Шоқыну мерекесіне орай жаппай суға шомылуға тыйым салынды.

Өткен бәр тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 972 адамнан анықталды.



517 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз