Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Қаңтар, 2021

Қазақстандық актер Нью-Йоркта өткен байқауда үздік деп танылды

Қазақстандық актер Данияр Алшынов «Атбай шайқасы» фильмі үшін Нью-Йоркте өткен IMDb халықаралық байқауында «үздік драма актері» аталымында үздік шықты. Қуанышты хабармен актер Данияр Алшынов Instagram парақшасында бөлісті.

«Жаңа жыл тағы бір халықаралық марапатпен басталды. Бұл жолы Нью-Йоркте, бұл жолы Атбай», - деп жазды актер.

Сонымен қатар ол фильм режиссері Әділхан Ержановқа, Ольга Хлащеваға, серіктестері Динара Бақытбаеваға, Нұрбек Мұқышевке, Санжар Мәдиге, Әсел Садуақасоваға ризашылығын білдіреді.

The best actor award-New York - IMDb халықаралық конкурсы бүкіл әлемде ерекшеленген актер арасында өтетін жыл сайынғы шара саналады. Басты миссиясы - таланттарды мойындап, тәуелсіз киноның үздік актерлерін марапаттау. Жыл бойы төрешілер тек үздік фильмдерді Нью-Йорктегі жыл сайынғы көрсетілім үшін таңдап алады.



604 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз