Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 16 Қаңтар, 2021

Бақытты өмір сүруге не кедергі?

20 жасымда өмірім тозақ болды. Күйеуім ұрып-соғып, намысыма тиіп балағаттайтын.

30 жасымда ажырастым, 3 баламен жалғыз қалдым. Оңай болмайды.

40 жасымда жердің қиырына көшіп, мүлдем жат жерде жаңадан өмір бастадым.

50 жасымда бизнес бастадым.

Бұл әлемдегі ең бай адам Илон Масктің анасы Мей Масктің сөздері.

"Жалғызбасты анамын. Балаларым әкесіз жасқаншақ, травмамен, басқалардан төмен болып өсіп жатыр."Күйеуім ештеңеге рұқсат бермейді. Өзіме де, балаларыма да қалай көмектесерімді білмеймін".

Дендері сау, ақыл естері дұрыс, жастық күш-қайраттары бар әйелдерден осы тәрізді хаттар көп келеді.

"Ажырасқан","әкесіз бала" деген стереотиптер құрсауда ұстап, ерік жігерді езіп жібереді. Ешкімнен қолдау таппай жалғыздық пен шарасыздықтан жан-дүниеңді күйретеді. Алайда, осыған беріліп сынудың, әсіресе, ашу-ызаның барлығын балаңа төгудің қажеті жоқ. Ажырасудан кейін өмір жоқ сияқты көрінеді.

Күйеуі бар ма жоқ па, көпшілік әйелдер дәрменсіз, құрбандық қалыпта.

Жалғызбасты, ажырасқан ана және әкесіз өскен бала болу- бақытсыздық үкімі емес. Табысты, бақытты болуға еш кедергі келтірмейтін фактор екендігіне осы Масктер отбасы дәлел.

Мей Масктің күйзелістер мен қиындықтардан жол табуына, балаларымен дұрыс қарым-қатынас құра білуіне қарапайым әдіс көмектескен. Мей әрқашан өміріне, істеріне жоспар құрып, өзінің тәртіптері мен ұстанымдарына берік болған.

Жан-дүниесі мен тәнінің реттілігіне, үйлесіміне мән берген. Ол да кризистер, қарыздармен өмір сүрді. Сонда да әрқашан жоспары бойынша өмірінде жүйелілік реттіліктің болуын қадағалаған.

Сондықтан араңызда қандай да бір себептермен өмірде жалғыз қалған аналар болса, мойымаңыздар!

Балам әкесіз кем, көп нәрсеге қолы жетпейді деген тартпа ойдан аулақ болыңыздар.

Әлбетте, Илон Масктің осындай жаңашыл, ізденімпаз алғыр болуына анасының жеке үлгісі, жинақылығы, дағдылары әсер етпей қойған жоқ. Мейдің тек осы ұлы ғана емес, барлық балалары өмірде өз орындарын тапқан табысты тұлғалар болды.

Анар Есен

психолог

anar_yessen парақшасынан 

2217 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз