Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 17 Қаңтар, 2021

ШҚО-да түрмеге есірткі өткізбек болғандардың жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/18 мекемесінде есірткіні пошта арқылы тасымалдамақ болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылардың біріне сәлемдеме келген. Тексеру кезінде тіс пастасының ішіне салынған ерекше иісі бар жасыл зат табылды.

«Бірден сол жерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылып, бейнетүсірілім жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Оның салмағы 9,34 грамм. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді мекеме басшысы Аслан Нұрбеков.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, көбінесе түрмеге тыйым салынған заттардың ішінде телефондар, аксессуарлар және есірткі кіргізуге тырысатындар анықталады.



 

482 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *