Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 17 Қаңтар, 2021

Мэй Маск: Өміріңізді сүреңсіз етуге немесе дамуыңызға жас əсер етпеуі керек

Илон Масктың кім екенін әлем халқы біледі. Ал оның анасы Мэй Маск туралы көп адам біле бермеуі мүмкін.

Бүгін біз сайт оқырмандарына  Илондай алтын асықтай ұлды әкелген ананың өмір жолы мен бала тəрбиесіндегі ұстанымдары және 71 жасқа дейін сән әлемінде сергек келе жатуының құпиясы туралы өз сөздерінен үзінді келтіре отырып қысқаша мәлімет береміз.

Мэй Маск ханымның сән саласында еңбектеніп келе жатқанына бүгінде 56 жыл. Қазіргі негізгі мамандығы - диетолог. Екі магистрлік дәрежесі болса да, өзін әуесқой ғалым деп атайды. Үш баласын жалғыз өзі тәрбиелеген ананың бүгінде он немересі бар.

“Мен модельдердің ақымақ емес екенін дәлелдеу үшін жақсы оқуды мақсат тұттым. Көпшіліктің модельдерді  білімсіз санайтыны рас қой”.

Сән әлемінде тер төгіп келе жатқан ханымның модельдер туралы айтқан осы сөзінен білімге басты назар аударғанын білуге болады.

 “Мен ешқашанда балаларыма көмектескен емеспін. Көмектесуге уақытым да болған жоқ. Менің жұмысым көп және ауыр болды. Олар бәріне өздері жетті”.

“Мен ботаник болдым, ал Илон - суперботаник. Бір күні мен оған менің сыныбымда математиканы менен артық білетін ешкім болмады дедім. Ал ол болса күлді. Себебі ол математиканы менен артық білетін. Ол менің өмірге деген көзқарасымды түсінді деп үміттенем”.

“Оның мақсаты - физикадан алған білімін әлемді жақсартуға қолдану. Адамдар оны алға сүйрейтін - өзімшілдігі деп ойлайды. Бірақ олай емес. Мені адамдардың ол туралы  “ О, ол көбірек ақша тапқысы келеді” дейтіні қатты ренжітеді. Жоқ, оған ақша ешқашан маңызды болған емес. Ол тек өзінің идеяларына берілген жан”.

Енді өмірге құштарлық, тәртіп, адамның өзіне сенімділігі туралы ойларынан үзінділер келтірейік. 

 “Өміріңізді сүреңсіз қылуға немесе дамуыңызды бөгеуге жас әсер етпеуі керек. Өзіңізге қамқор болыңыз - дұрыс тамақтанып, жиі күлімдеңіз және белсенді, бақытты және өзіңізге сенімді болыңыз”.

“Көп әйелдер өзінің мүмкіндігіне, күшіне сенбейді. Олар бәріне үлгеруге міндетті сияқты айналасындағылардың сынына жиі ұшырап жатады. Бәріне үлгерем деп жүріп, ешқандай жетістікке жете алмайды. Өзіңіздің қолыңыздан не келеді, сонымен айналысыңыз және бар жерде бәрінен үздік болуға тырыспаңыз”.

“Егер өзіңізді сенімді сезініп, сенімді көрінгіңіз келсе, денеңізді тік көтеріп жүруді қолға алыңыз. Еңсеңізді көтеріңіз. Иығыңызды артқа шалқақ ұстап, жүзіңізді жылытыңыз. Әңгімелесуші адамның көзіне тура қараңыз және жан-жаққа көзіңізді алып қашпаңыз. Өзіңізді тым сенімді қылып көрсетіңіз”.

“Берік достықтың белгісі - достықтың ұзаққа созылуы. Екіншіден, өміріңізді қалай байытқаны. Егер біреу достығыңызды бағаламаса, ол адаммен дос болудың да, кеңестеріне құлақ асудың да қажеті жоқ”.

“Егер сіз ұстанымыңызға берік болсаңыз, өзіңізге сенімді сезінесіз. Айналаңызға да сенімді көрінесіз. Мен тәрбиелі адамдарды бағалаймын. Өзіңді сыпайы ұстау соншалықты қиын емес”.

 

«Женщина, у который есть план” 

 

 

 

 

1022 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *