Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 18 Қаңтар, 2021

Навальный Ресейге оралған бойда қамауға алынды

Ресей оппозиционері Алексей Навальный еліне оралған соң қамауға алынды. Оппозиционер Берлиннен Мәскеуге кеше кешкі рейспен ұшып келген болатын. Бұл ұшаққа билеттің көбін журналистер сатып алған еді. Ұшақ Внуковоға қону керек болатын. Бірақ әуежай техникалық жағдайға байланысты лайнерді қабылдай алмай, ол Шереметьевоға қонды. Жалпы Алексей Навальный шартты түрде сотталғандықтан төлқұжатты тексеру орнында полицейлер оны сынақ мерзімін бұзғаны үшін ұстады. Сонымен бірге онда оппозиционердің жақтастары жиналып, тәртіп сақшылары олардың да кейбіреуін қамауға алды.



616 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз