Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 18 Қаңтар, 2021

Сербиядан сегіз боксшы қыз медальмен оралды

9 спортшымыздың 8-і жүлдеге ілікті. Сербияда бұрымды боксшылардың халықаралық турнирі аяқталды.

Қазақстан құрамасы барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді. Нәтижесінде 5 бірдей жерлесіміз чемпион атанды. Олар Арайлым Марат, Дина Жоламан, Владислава Кухта, Римма Волосенко және 81 келіге дейінгілер арасында сынға түскен Ләззат Күнгейбаева.

Бұған қоса ұлттық құрама қоржынында 1 күміс пен 2 қола жүлде бар. Айта кетейік, қазақстандық қыздар үшін бұл ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс. Ерік Алғабек баптайтын спортшылар қазір Олимпиада ойындарына кешенді дайындықты бастады. Жоспар бойынша бірнеше бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізу керек.

Ал Олимпиада жолдамалары сарапқа салынатын басты бәсеке әлем чемпионаты маусым айында болады.



155 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *