- Айна
- 18 Қаңтар, 2021
Қазақстанның бес өңірі «қызыл» аймақта тұр
Денсаулық сақтау министрлігі ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Матрицаға сәйкес, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта тұр.
Ал «сары» аймақта Алматы, Қарағанды, БҚО мен СҚО бар.
Қалған өңірлердің бәрі де коронавирустың таралуы жағынан «жасыл» аймақта орналасқан.
Сондай-ақ, жалпы Қазақстан коронавирус бойынша «сары» аймақта тұр.
425 рет
көрсетілді0
пікір