Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қаңтар, 2021

Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді

Қарағанды облысында коронавирус індетінің таралуы қайтадан қарқын ала бастады.

Соның салдарынан өңір «сары» аймақтар тізіміне енгізілді. Ведомствоаралық комиссияның ақпараты бойынша өңірде соңғы тәулікте 62 адамның ауру жұқтырғаны анықталған, оның 26-сы – Теміртау қаласының тұрғыны.

Қазір санитар мамандар Теміртау қаласы мен облыс көлемінде карантиндік шектеулер енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

Юрий Залыгин, облыстың бас санитар дәрігері:

– Індет күрт таралып кетпес үшін қазір қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек. Балаларға да көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ егде жастағы тұрғындар мен созылмалы аурулары бар адамдардың аса сақ болғаны абзал. Қажет жағдайда оқшауланып, далаға, қоғамдық орындарға шықпау керек.


265 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз