Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қаңтар, 2021

Egemen Qazaqstan газетіне бас редактор тағайындалды

Egemen Qazaqstan газетіне бас редактор тағайындалды.

Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылдан, яғни V курстан бастап «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық республикалық газетінде жұмыс істеп бастаған. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағында тілші, аға тілші, шолушы, бөлім меңгерушісі, одан әрі бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Бұған дейін «Нұр Астана» республикалық жастар апталығының бас редакторы қызметінде болған. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ғабит Мүсірептің «Рухыңды түсірме, ұлым» (2010 жыл) атты публицистикалық шығармалар жинағы жарық көрген.

Айта кетейік, бұған дейін Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор қызметін атқарып келген Айбын Шағалақ «Egemen Qazaqstan» РГ АҚ Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

451 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз