Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қаңтар, 2021

Жоғарғы Сот бір істі тоқтатып, бес сот актісін өзгертті

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының кезекті отырысында 6 іс қаралды. Қорытындысы бойынша бір іс адамның оңалу құқығы таныла отырып тоқтатылды, бес сот актісі – жазаны өтеу мерзімі мен режимі бөлігінде өзгертілді. Бұл туралы Жоғары Соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов мәлім етті.

Е.Козыревтің ісі бойынша

Козырев героинді сату мақсатынсыз аса үлкен мөлшерде сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алқа іс материалдарын зерделеп, тергеу органының заң талаптарын бұзғандығын анықтады. Мәселен, тергеу басқармасы бастығының м.а. 2015 жылғы 27 қазандағы қаулысымен осы қылмыстық істі тергеу үшін жедел-тергеу тобы (ЖТТ) құрылған. Қаулыда 28 және 29 қазанда өткізілген іс-шараларға сілтеме бар. Яғни қаулы іс жүзінде 29 қазаннан ерте шығарылмаған және осы күнге дейін ЖТТ мүшелері ретінде аталған адамдардың қандай да бір өкілеттіктері болмаған.

Соған қарамастан, 28 қазанда ЖТТ құрамындағы тергеуші мен жедел уәкіл Козыревтің үйі мен көлігіне тінту жүргізу туралы қаулы шығарған, есірткіні табу және алып қою туралы тиісті хаттамалар жасаған.

Уәкілетті емес адамдардың іс жүргізу әрекеттерін жүргізуі дәлелдемелерді жол берілмейтін деп тану үшін негіз болып табылады.

ЖС алқасы баяндалғанға сүйене отырып, үкімнің күшін жойды және істі тоқтатты.

Козыревтің оңалту құқығы танылды.

Б.Габунияның ісі бойынша

Габуния тонағаны (ҚК 191-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) және бопсалағаны (ҚК 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы) үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды, бұған қоса алдыңғы соттылығы бойынша 1 жыл өтелмеген жазасы да қосылды. Түпкілікті 6 жыл тағайындалды. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу айыптары бойынша ақталды.

Апелляция қорғаушы тараптың шағымдары мен прокурордың өтініші бойынша істі қарады. Бұл ретте прокурор үкімге басқа баптар бойынша тағайындалған жаза мәселелерін қозғамай, ҰҚТ-ға қатысу жөніндегі ақтау бөлігінде ғана дау айтты.

Апелляция прокурордың дәлелдерін қабылдамады және ақтауды дұрыс деп санады. Сонымен қатар, ол жаңа үкім шығарды және Габунияны тонау бабы бойынша ақтады. Дегенмен сот қателік жіберіп, бопсалау бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру (бірінші сот сатысы 4 жыл 6 айға соттады) жазасын тағайындаған. Бұрынғы соттылығы бойынша да 1 жыл 6 айды қосқан (бірінші саты 1 жыл қосты).

Тараптар шағымда, өтініште сотталған адамның жағдайын басқаша нашарлату туралы мәселе қойғанда ғана, заң сотқа жаза мерзімін ұзартуға немесе сотталған адамның жағдайын басқаша нашарлатуға құқық береді. Олай болмаған жағдайда, соттың мұндайға құқығы жоқ.

Осылайша, апелляция алдыңғы сотталу барысында 2016 жылғы рақымшылықты қолданбау салдарынан Габунияның жағдайын негізсіз нашарлатқан. Залалды өтеуге байланысты рақымшылық жасау бойынша жазаны ¼-ге қысқартуға болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде кассациялық алқа Габунияға 5 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 

 

621 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз