Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Қаңтар, 2021

Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер ашық кабинеттерге көшті

Шымкентте қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкерлері ашық кеңседе жұмыс істейді. Қала тұрғындары әр кеңсенің табалдырығын тоздырмайды. Басқарма өкілдері қызметтерді алу мерзімі де қысқарғанын айтады. Жаңа форматтағы қабылдауға алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. Тек мамандар ғана емес бөлім басшылары да жайлы кабинеттерін тастап, үлкен залдағы шынымен жабдықталған бөлмелерге көшкен.

Мұрат Әбдірахманов, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

– «Opene space» бағытына өтуімізге байланысты біздегі барлық қызмет оңтайландырылып, барлығын бір кабинетке отырғыздық. Бұл ашықтық жемқорлыққа қол жеткізбеу бағытында жасалып отыр.



371 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз