Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Қаңтар, 2021

Асқар Мамин коронавирусқа қарсы дәрілердің қорына ревизия жүргізуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин инфекциялық ауруханалар мен бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы жеке қорғаныш құралдары мен коронавирусқа қарсы дәрілердің қорына ревизия жүргізуді тапсырды.

«Эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, өңірлердегі жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Осыған байланысты мынадай тапсырма беремін.

Бірінші. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге медицина ұйымдарының 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакциналауды бастауға дайын болуын қамтамасыз етсін. Егу пункттерінде вакцинаны сақтауға арналған қажетті жабдық болуы тиіс. Сонымен бірге медицина қызметкерлерін оқыту қажет. Бір апта мерзімде егу пункттерінің әзірлігін және вакцинамен тұрақты қамтамасыз ету мәселелерін шешуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Екіншіден, Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне эпидемиологиялық жағдай нашарлайтын болса, шектеу шараларын қабылдауды, халық пен бизнес субъектілерінің белгіленген санитариялық нормаларын қатаң сақтауын қамтамасыз етуді тапсырды. «Сонымен қатар бір апта мерзімде инфекциялық ауруханалар мен бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы жеке қорғаныш құралдары мен коронавирусқа қарсы дәрілердің қорына ревизия жүргізсін.

Үшінші. Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен бірге мониторинг топтарының жұмысын күшейтсін. Ақпарат министрлігімен бірге түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Өңірлерде бақылау мен санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуы қамтамасыз етілсін. Ералы Лұқпанұлы, жалпы бақылау сізде», - деді Асқар Мамин орынбасары Ералы Тоғжановқа қарата.

 

314 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз