Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 19 Қаңтар, 2021

Асқар Мамин: Халыққа жаппай вакцина салуды ұйымдастыру — ең маңызды міндет

Халыққа жаппай вакцина салуды ұйымдастыру ең маңызды міндет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazet.kz.

«Бүгінгі таңда, қызыл аймақтағы 5 өңірге, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстарына тағы да бір өңір қосылды. Бұл - Солтүстік Қазақстан облысы. Жалпы, республика бойынша вирустың репродуктивтік көрсеткіші – 1,1. Ауруханалардағы инфекциялық орындардың жүктелуі - 2%, реанимациялық орындар – 23 пайыз», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда халыққа жаппай вакцина салуды ұйымдастыру ең маңызды міндет болып саналатындығын баса айтты. «Өздеріңізге мәлім, отандық вакцина клиникалық сынақтардың III кезеңінен өткізіліп жатыр, және де «Спутник V» вакцинасының сапасы аттестациялануда. GMP стандарты бойынша вакциналар шығаратын биофармзауыт құрылысы жүргізіліп жатыр», - деді Асқар Мамин.

 

716 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз