Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Қаңтар, 2021

Мемлекет басшысы Əлімғазы Райымбеквтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы, белгілі кино актері Әлімғазы Смағұлұлы Райымбековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. «Әлімғазы Смағұлұлы қазақ киносының таңдаулы туындыларының бірі – «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін үлкен шеберлікпен сомдаған. Одан кейін де бірнеше кинокартиналарға түсіп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.

 

124 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *