Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 20 Қаңтар, 2021

Әлемге жаңа чемпион керек

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті рет Top Rank промоутерлік компаниясының президентінен жапониялық Риота Муратамен кездесу өткізуді сұрады.

Риота Мурата бүгінге дейін 18 жекпе-жекке шығып, оның 16-сында жеңіске жеткен. Соның арқасында өткен жылы WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті иемденді.

«Әлемге жаңа чемпион керек. Бокс кешін өткізейік және бесінші раундтан кейін белдік менде болады» деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, жерлесіміз ең соңғы рет 10 қазанда шаршы алаңға шықты. Аргентиналық Гонсало Кориямен жолығып, екінші раунда қарсыласын нокаутқа жіберді. Соның арқасында жерлесіміз WBO рейтингінің үздік үштігіне ілікті.


821 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз