Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 20 Қаңтар, 2021

Қуат Хамитов ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

Алматыда аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды.

Спортшы сот отырысына қатысқан жоқ. Адвокаттың айтуынша, Хамитов техникалық ақауға байланысты онлайн форматта өткен сот отырысына қатыса алмады. Сол себепті ол кейінге қалдыруды сұрады.

Іс бойынша прокурор да қылмыстық істі Хамитовсыз өткізу мүмкін емес екенін айтты.

Отырыс нақты қай күні өтетіні әлі белгісіз.

Адвокат Қуат Хамитовтің нақты қай жерде екенін айтпады. Алайда бұған дейін БАҚ-та спортшының 20 қаңтарда Магнитогорск қаласына (Қостанайдан 434 шақырым) бара жатқаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ, Хамитов болып жатқан жағдайдың бәрі жекпе-жек алдында психологиялық, моральдық тұрғыдан әсер етпегенін айтты.

Айта кетейік, 18 қаңтарда Алмалы ауданы сотында қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аталған бапта «билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке, зорлық-зомбылық жасауға шақыру» бойынша жазаға тарту көзделген.

Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Айта кетейік, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар «халықты улап жатыр» деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді. Кейін спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.

«Дезинфекция туралы тарап кеткен видеоға қатысты айтарым – қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет істеуге ешкімді шақырған емеспін және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», — деді Хамитов.

830 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз