Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қаңтар, 2021

Карантин кезінде балалары ойын клубтарына барған ата-аналар жазаланды

Нұр-Сұлтан қаласының ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы тәртіп бұзу мен қылмыстың алдын алу мақсатында үнемі тексеру жүргізіп тұрады.

Жыл басынан бері ювеналды қызмет полицейлері кәмелет жасына толмаған балалардың түнде ойын-сауық мекемелері мен көшеде жүргені үшін 111 заңды өкілді жазалады. Жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде жүргеніне ата-ана ғана емес, мекеме басшысы да жауап береді.

Өткен жексенбіде полицейлер әкімдік пен Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы өкілдерімен бірлесіп 23:00-де Абылай хан даңғылында орналасқан «R the Room» компьютер клубында 17 жастағы жасөспірімнің болғанын анықтады.

Ойын-сауық мекемесінің басшысы ҚР ӘҚБтК 132-бабы бойынша жауапқа тартылып, оған айыппұл салынды. Сондай-ақ карантин тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тарту мақсатында мекеме басшысына қатысты материал жиналып, Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жіберілді.

Полиция департаменті кәмелет жасына толмаған балаларға 22:00-6:00 аралығында ойын-сауық мекемелеріне баруға, ал 23:00-6:00 аралығында көшеде заңды өкілінсіз жүруге тыйым салынатынын ескертеді.

Бас санитария дәрігерінің қаулысымен компьютер және ойын клубтарының қызметі мүлдем тоқтатылған.

Полиция департаменті балалардың 22.00-ден кейін бақылаусыз көшеде жүргені үшін және субъектілердің карантин ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді.



570 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз