Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 20 Қаңтар, 2021

Қызметтік көлігінен бас тартқан басшының игі ісі

Оңтүстік Кореяның Теджон қаласындағы Ханнам университетінің ректоры Ли Док Хун жуырда өзінің қызметтік көлігінен бас тарту арқылы  студенттер стипендиясына қосымша 450 миллион вон үнемдегенін айтты. Ли Док Хун 2016 жылы университет  ректорына тағайындалғанда, студенттерге арналған стипендия қорын арттыру үшін   университетен өзіне берілген көліктен бас тартып,  мектепке дейінгі  4 км жолды жаяу барып- келу арқылы жылына 150 миллион вон жинауға уәде берген болатын.

Бұл автомобильді жалдау қызметінің  тарифі мен жанармай шығыны негізінде есептелген жалпы сома болатын.

Оылайша ол төрт  жылда  4 шақырым жолды 40 минут жаяу жүру арқылы 450 миллион вон үнемдеп «Даниель стипендиясы» атты қор құрыпты.

Әрине, бұл қор ең алдымен мектептің үлгілі студенттеріне,  кітапханасына, жатақхана шығындарына және жаңа студенттердің оқу ақысының жеңілдетуге жұмсалады. Ханнам университетінің студенттері бұл қорды «Бренд стипендиясы» деп атады. Сонымен қатар, қордан түскен қаражат қоршаған ортаны тазартуға жұмсалады.

«Күнде таңертең жұмысқа барып, қайтып келе жатып, студенттермен амандасқанда өзімді сергек сезінемін», - дейді ректор Ли Док Хун.

 

АмантайТойшыбайұлының фейсбук парақшасынан

Ақпарат көзі: The Guardian

 

1948 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз