Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 20 Қаңтар, 2021

Өскемен гарнизонының жауынгерлік әзірлігіне оң баға берілді

Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергеновтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Өскемен гарнизоны әскери қызметшілерінің оқу-материалдық базасы мен жауынгерлік даярлық деңгейін тексерді.

Аталған инспекция Жаңа-Ахмер полигонындағы мотоатқыштар бөлімшелерінің жауынгерілк атысын бақылады. Тактикалық оқу-жаттығу қазіргі кездегі қарулы қақтығыстардың тәжірибесін негізге алып жоспарланды. Комиссияға ұшқышсыз ұшу құрылғыларымен күрес тәсілдері көрсетілді. Әскери қызметшілер 50-ден 100 метр биіктіктегі дрондар көрсетілген нысаналарды дәл атып түсірді.

Атыс барысында атыс міндеттерін орындау кезіндегі бөлімнің өзара қарым-қатынасын үйлестіру мен әр түрлі ұрыс жағдайындағы іс-қимыл тексерілді, сондай-ақ командирлердің бағыныстыларын басқаруы мен жүктелген міндеттерді жедел шешуге қабілеттілігі бағаланды.

Әскери бөлімнің оқу корпусында озық әскерлер практикалар кешені өрістетілді. Жауынгерлік және дене дайындығы бойынша нұсқаушы аға сержант Темірлан Мейрамов 14 бөлімнен тұратын бөлім командирлерінің жауынгерлік кәртішкелері мен ату кәртішкелерінің жаңа нұсқасын ұсынды.

Жалпы тексеру комиссиясы сарбаздарды оқытуға арналған 20-дан астам әзірлемелерді көрсетті. Олардың ішінде мини-тир бар, онда оқ-дәрілерді жұмсамай дәл нысанаға алу және ату белгілері, «Макаров» автоматы мен тапаншасын нысанаға алуға арналған лазерлік құрылғы оқытылады. Барлық лайфхактарды әскери қызметкерлер мен бөлімнің азаматтық қызметкерлері ойлап тапқан. Осылайша, әскери қызметшілердің іс жүзінде жауынгерлік даярлық кезінде қолданатын оқу материалдары, тәжірибелі нұсқаушылардың қазақстандық әскердің жаңа толымын оқытуға дайындығын көрсете білді.

Тексеру қорытындысы бойынша генерал-майор Әділбек Алдабергенов бастаған қорғаныс ведомствосының комиссия мүшелері Өскемен гарнизоны әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығына оң баға берді. Одан бөлек тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау жағдайында, жауынгерлік әзірлік шараларының сапасын сақтау қажеттілігіне, оның ішінде роталық-тактикалық оқу-жаттығулар деңгейіндегі ерекшеліктерге басты назар аудару тапсырылды.

 

238 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *