Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 20 Қаңтар, 2021

Талғат Нәрікбаев: «BAQ KASIPODAQ» мүшелеріне құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті және «BAQ KASIPODAQ» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Салтанатты рәсімге КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев және «Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағы» төрағасы Зейін Әліпбек қатысты.

Тараптар Меморандум аясында серіктестік қарым-қатынас орнатуға келісті. Сондай-ақ БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылатын шараларды бірге өткізу туралы шешім қабылдады.

«Журналистердің кәсіби деңгейін көтеру әрі елімізде салалық журналистиканы дамыту мақсатында БАҚ өкілдеріне заң, құқық, экономика, әлеуметтік салалар бойынша дәрістер өткізуді қолға алдық. Әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отыра «BAQ KASIPODAQ» кәсіподағының мүшелеріне де жан-жақты, әсіресе құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз. Журналистерге MEDIA CLUB есігі әрдайым ашық, меморандум аясында игі істерді жүзеге асырамыз деген ойдамын», - деп атап өтті КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Тараптар бірлескен жобалар әзірлеп, медиа саласы өкілдеріне кәсіби тұрғыда дамыуына ықпал ететін іс-шаралар өткізуге ниетті.

 «Бұл меморандум «BAQ KASIPODAQ» мүшелері үшін, жалпы журналистерге пайдалы деп айтуға болады. Біріншіден, журналистер осы университет мамандарынан тікелей құқықтық кеңес ала алады. Сондай-ақ университет өз тарапынан кәсіподақ мүшелері мен журналистерге ағылшын тілінде сөйлеу клубына, «ZAN&MEDIA» курсына тегін қатысуға, университеттердің басымдықтарын пайдалану мүмкіндігін ұсынып отыр. БАҚ өкілдеріне осындай жағдай жасап отырған университет басшылығына ризашылығымды білдіремін»,- деді кәсіподақ төрағасы Зейін Әліпбек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

295 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *