- Айна
- 21 Қаңтар, 2021
Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы «Алматы облыстық соты» РММ ғимаратында және аумағында карантиндік шаралар енгізу туралы» қаулысымен облыстық сот және оның аумағында 2021 жылдың 20 қаңтарынан 2 ақпанына дейін карантиндік шаралар енгізілді.
Осылайша:
Соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне толық ауыса отырып, толығымен тоқтатылады;
Сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының келуіне қатаң тыйым салынады;
Осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады, тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады;
ҚПК-нің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдар судьямен Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қаралады.

223 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *