Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 21 Қаңтар, 2021

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

«Қазақ радиолары» ЖШС  «Астана» радиосының  директоры болып  Мәди Манатбек тағайындалды. Оны ұжымға  «Қазақ радиолары» ЖШС  бас директоры Ернұр Бурахан таныстырды.

Мәди Манатбек 1978 жылы 25 мамырда дүниеге келген. 2006 жылы Көкшетау университетінде заңгер мамандығын меңгерген.

Еңбек жолын 1998 жылы республикалық «Нартәуекел» газетінде тілшілік қызметтен бастаған. 1999 жылы Шымкент қалалық «Шымкент келбеті» газетінде жалғасты. 2000 жылдан бастап «Отырар» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, таңғы «Нұрлы арай», спорттық «Топжарған», қылмыстық «Экстренный вызов» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі болды.

2001-2006 жылдары «Астана» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, апталық ақпараттық-сараптамалық «Үш ширек», «Ашық әңгіме», спорттық «Топжарған», қылмыстық «Оқиға ізімен» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі және бағдарламалар өндірісі қызметінің жетекшісі болды. 2006 жылы «31 арна» Астана қосынының тілшісі, 2007 жылы «MARMILAT» жарнама агенттігінің директоры; 2008 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ жаңалықтар қызметінің жүргізушісі; 2010-2013 жыл аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ апталық ақпараттық-сараптамалық «Аptа.kz» бағдарламасының жүргізушісі; қоғамдық-саяси бағдарламалар бөлімінің жетекшісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2013-2017 жылдары «BAQORDA media group» ЖШС Бас директоры; 2017 жылдың ақпанынан 2018 жылдың қазан айына дейін «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры болды.


 

404 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *