Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Қаңтар, 2021

Қырғызстан республикасы президентін ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Қырғызстан президентінің міндеттерін атқарушы, Жогорку Кенеш төрағасы Талант Мамытов «Қырғызстан республикасының қайта сайланған президентінің қызметке кірісуіне байланысты салтанатты рәсімге дайындалу және өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Кабар» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарлыққа сәйкес, жаңадан сайланған президенттің қызметке кірісуіне байланысты 2021 жылдың 28 қаңтарында өтетін салтанатты рәсімге даярлық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылды.

Кеше ҚР Орталық сайлау комитеті Қырғызстан республикасы президентін мерзімге дейін сайлау қорытындылары туралы хаттаманы бекітті. Дауыс беру қорытындыларына сәйкес, ҚР президенті қызметіне кандидат Садыр Жапаров 1 105 248 (79,20 пайыз) дауыс жинады, бұл сайлауға қатысқан сайлаушылардың жартысынан көбін құрап отыр.


 

623 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз