Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қаңтар, 2021

Алматы әкімі оқу процессін тексерді

"Жаңа тоқсанның басталуымен мектептерде кезекші топтардың саны артты. Мұндағы ең осалы — мүмкіндігі шектеулі балалар. №7 арнайы түзету мектеп-интернатында болып, оқу процесінің ұйымдастырылуымен, қолға алынған санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларымен таныстым.

Мектепте 216 бала білім алады. Одан басқа 200 балаға үй жағдайында сабақ беріледі. Әлеуметтік-психологиялық оңалту мен бейімдеу, шығармашылық әлеуетті дамыту мен еңбекке баулу үшін барлық жағдай жасалған. Тігін немесе ағаш ұстасы ісінің қыр-сырын меңгере отырып, жасөспірімдер 9 сыныптан кейін колледжге түсіп, мамандық алады. Сондай-ақ мұнда емдік дене шынықтыру, музыка мен би бойынша сабақтар өтеді.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына барынша жағдай жасайтын боламыз. Ата-аналарының шыдамдылық танытқаны маңызды. Өйткені ерекше балаларды әлеуметтендіру процесі оңай емес." - деп мәлімдеме жасады қала әкімі.

622 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз