Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қаңтар, 2021

Аида Балаева жас режиссерлермен кездесті

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қазақстандық телевизияда отандық контентті дамыту бойынша жас режиссерлермен кездесуі өтті.

Аида Балаева жастарға министрліктің қазақстандық телевизиядағы сапалы контентті дамыту бойынша, оның ішінде қоғамды мазалайтын және ерекше идеологиялық маңызы бар өзекті тақырыптарға арналған сериалдар, деректі фильмдер, арнайы бағдарламалар жасау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.

«Біздің министрлік мемлекеттік тапсырыстың және мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде жыл сайын елуге жуық телехикаялардың түсірілімін қамтамасыз етеді; ал деректі фильмдердің саны жүзден асады. Олардың кейбіреулері көрермендер арасында танымал болса, көпшілігінің сапасы, өкінішке қарай, сын көтермейді», - деді министр.

Сонымен қатар, министр ведомствоның алдағы 2022 жылы түсіретін телесериалдар мен деректі фильмдерінің үздік сценарийлерін дайындауға байқау жариялап жатқанын атап өтті.

«Оның негізгі тақырыптары министрліктің сайтында жарияланатын тақырыптық жоспарлар тізімінде көрсетілген», - деді Аида Балаева.

Жалпы, министрмен кездесуге отандық қызықты жобаларды құруда тәжірибесі бар 29 жас режиссер қатысты. Аида Балаева жас режиссерлерді дәл осы 2021 жылы министрлікке және мемлекеттік телеарналарға сериалдар мен фильмдердің жаңа сценарийлерін ұсынуға шақырды.

Іс-шараға қатысушылар министрлікке қазақстандық телевизияда ерекше, қызықты және сапалы контент құруда жаңа жобаларды ұсынуға ниеті мен дайындығын білдірді.

 

225 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *