Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Қаңтар, 2021

Шетелден келген 345 адамда ПТР-анықтама болмаған

23 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 547 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 202 адам, анықтамасыз 345 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 129 жолаушы, анықтамамен – 856, анықтамасыз – 273; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 418 жолаушы, анықтамамен – 346; анықтамасыз – 72. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Ал 22 қаңтарда анықтамасыз келген барлық 340 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

 

 

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз