Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 26 Қаңтар, 2021

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 100 миллионнан асты

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған халықтың саны 100 миллионнан асты. Бұл туралы Worldometers ақпарат көзі хабарлады. 

Қазір әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны — 100 млн 280 мың 265 адам. 

Осы күнге дейін 2 млн 149 мың 387 адам көз жұмып, 72 млн 289 мың 211 адам жазылған. 

Сонымен қатар, қазір 25 839 818 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 110 мың пациенттің жағдайы өте ауыр. 

Науқастар саны бойынша алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания тұр. 

498 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз