Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Қаңтар, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев: Кітаптардың сапасы бойынша сұрақ көп

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мектеп кітаптарының сапасы нашар екенін айтты. Мемлекет басшысы тарих бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын енгізуді тапсырды.

"Кітаптардың сапасы бойынша сұрақ көп. Бүгінде мектептерде еліміздің және әлемнің тарих оқулықтары қолданылады, онда көптеген сәйкессіздікті көруге болады. Кей кітапты оқып көрдім және олардың сапасына таңғалдым", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жағдайлар мен деректер оқушыларға бұрмаланбай жеткізілуі керегін айтты.

"Сондықтан Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын әзірлеп, енгізуді тапсырамын, - деді Президент.

214 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *