Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Қаңтар, 2021

Жоғарғы Сот екі істі тоқтатып, бір үкімді өзгертті

Жоғарғы Сот қылмыс құрамының болмауына байланысты екі істі жүргізуді тоқтатты, бір үкімді өзгертті. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов мәлім етті.

В.Тресцовтің ісі бойынша

19 қаңтарда Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы 6 істі қарады. Олардың екеуі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, біреуі бойынша – үкімнің қылмыстың қайталану түрі және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бөлігінде өзгертілді.

Тресцов тауарды нақты жөнелтусіз жалған шот-фактураларды жазып бергені үшін 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Алқа куәгердің қаржы полициясы қызметкерлерінің өтініші бойынша шот-фактураларды жазып беру туралы бастама көтергенін анықтады. Бұл ретте куәгер ЖШС өкілі болмаған, коммерциялық қызметпен айналыспаған, яғни іс жүзінде мемлекетке залал келтірілмеген. Тресцов шот-фактураларды бір рет қана жазып берген.

Заң азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға тыйым салады. Осы талапқа сай келмейтін дәлелдемелер жарамды деп танылмайды.

Осыған байланысты алқа қылмыстық істі тоқтатты және Тресцовтің оңалу құқығын мойындады.

А.Мұратовтың ісі бойынша

Мұратовқа тауарды нақты жөнелтусіз жалған шот-фактураларды жазып бергені үшін 865 500 теңге айыппұл салынған.

Іс бойынша Тресцовтің ісіне ұқсас жағдайлар анықталды. Сонымен қатар, дәл сол куәгер Мұратов пен Тресцовті қылмыс жасауға итермелеген.

Алқа Мұратовқа қатысты істі тоқтатты, оған келтірілген залалды өтеу құқығын мойындады.

В.Гордаштың ісі бойынша

Гордаш ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұған дейін сотталғаны ескеріліп, ол 3 жыл 10 айға бас бостандығынан айырылған. Оның әрекетінде қауіпті рецидив бар деп танылған, жазаны өтеу орны ретінде төтенше қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі танылған.

Гордаштың бұрын бірнеше рет сотталғаны, бірақ ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен бір рет сотталғаны анықталды. Заң бойынша, егер адам бұрын ауыр қылмыстар үшін екі рет сотталған болса және оған екі рет бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болса, іс-әрекеттер қауіпті рецидив деп танылады. Осылайша, Гордаштың әрекеттерінде қылмыстың қайталануы бар (ол қауіпті рецидив емес).

Қауіпті рецидив кезінде сотталғандар бас бостандығынан айыруды төтенше қауіпсіздік мекемесінде, рецидив кезінде – қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді.

Баяндалғанға байланысты алқа үкімді рецедив түрі бөлігінде өзгертті және жазасын барынша қауіпсіздік мекемесінде өтеуді тағайындады.

 

526 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз