Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 27 Қаңтар, 2021

Таразда жасырын ойын бизнесі анықталды

Таразда жасырын ойын орны анықталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Тараз қаласының аумағында жасырын ойын мекемесінің ҚР заңнамасының талаптарын бұзып, лицензиясыз жұмыс істегенін анықтады.

Қылмыстық әрекеттің жолын кесу мақсатында қызметкерлер жасырын бақылап, сатып алу арқылы М.В. Скориктің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегін әшкереледі.

Жасырын ойын мекемесін тексеру барысында 31 компьютер, 4 ойын автоматы, ақша тәркіленді. Тараз қалалық №2 сотының үкімімен аталған азамат ҚР ҚК 307-бабы 1-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

 

518 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз