Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Қаңтар, 2021

АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысының есімі белгілі болды

АҚШ Сенаты мемлекеттік хатшы лауазымына Энтони Блинкеннің кандидатурасын бекітті. Ол Барак Обама кезінде ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшінің орынбасары қызметін атқарған.

2015-2017 жылдар аралығында АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары болып жұмыс істеген. Джо Байденнің президенттік науқаны кезінде сыртқы саясат бойынша бас кеңесшісі болған. Кандидатурасын бекіту бойынша тыңдалым кезінде Энтони Блинкен Дональд Трамп әкімшілігінің сыртқы саясат бойынша маңызды сұрақтарын қайта қарастыруға уәде берді.

Жалпы, айта кететін бір қызық жайт, АҚШ тарихында 6 рет мемлекеттік хатшылар кейін президент болып тағайындалған екен.

24.kz

 

1035 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз