Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Қаңтар, 2021

Жоғалған жігіт қонақ үйден табылды

Ақмола облысында бірнеше күн үйіне келмеген 20 жастағы жігіттің компьютерлік ойын ойнап жүргені анықталды. 

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы 23 қаңтарда Бұланды аудандық полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Әйелдің айтуынша, оның 20 жастағы ұлы екі күн бұрын күндіз үйінен кетіп, кейін қайтып оралмаған. Ол ұлының қайда жүргенін білмейді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары, жедел іздестіру шарасын қолға алып, қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, қараусыз қалған құрылыстарды, құрылыс алаңдарын, кәріз коллекторларын, гараж кооперативтерін, саяжай алаптарын тексерді, сондай-ақ, жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер мен такси жүргізушілерінен сұрастырды.

«Іздестіру шараларының барысында жоғалған жігіт Щучинск қаласындағы қонақ үйлердің бірінде орналасқаны анықталды. Жігіттің түсіндіруінше, ол жұмыс іздеп, ұялы телефонын сатқан. Кейін ол ақшаға ойын приставкасын сатып алып, компьютерлік ойындарды ойнаған. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін полицейлер жас жігітпен профилактикалық әңгіме өткізді», - деді ведомстводан. Осы ретте, тәртіп сақшылары ақмолалықтарға үйінен ұзақ уақытқа кетер кезде туыстары мен жақындарына ескертуді ұмытпауға шақырады.

 

 

305 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз