Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қаңтар, 2021

Үздік өндіруші – өңір мақтанышы

«HoReCa Қазақстан» мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындарының Ұлттық қауымдастығы «Anna Maria» кафесінде Дүниежүзілік эскимо күніне орайластырып, нарықтағы танымал балмұздаққа дегустация өткізді.

Эскимо қазақстандық нарықтың 30%-дан астамын құрайды және стақандағы балмұздақтан кейін екінші орынды алады. Ал қаржылай түрде миллиондаған жанның сүйікті тәттісінің үлесі – 30 миллиард теңгені құрайды.

Сарапшылар Euromonitor маркалары бойынша нарықтағы көшбасшы балмұздақтың, сондай-ақ тұтынушылар арасында танымал балмұздақтың дәмін татты.

Нәтижесінде, сарапшылар «Бомба» қара печенье эскимосына, «Миша» пломбир эскимосына, «Золотой стандарт» глазурдегі пломбиріне, Bahroma фондан қызыл апельсиніне, «Магнат» шоколадты трюфельіне, «Мишка на Полюсе» ыстық шоколадтағы пломбир зефиріне, «Буржуй» Classic эскимосына, «Коровка из Кореновки» шоколад глазуріндегі пломбир эскимосына, «48 копеек» қара шоколадтағы пломбиріне және жаңғақтар қосылған шоколад глазуріндегі кілегейлі «Белочка» эскимосына баға берді.

Nazik кондитерлік желісінің иесі Анна Мирте, белгілі тележүргізуші Яна Бобрыка, кондитерлік өндірістердің директоры Лейла Алиева, сондай-ақ БАҚ өкілдері «Экспресс К» газетінен Татьяна Аладьина және Baribar порталынан Еңлік Сақтан сараптамалық қазылар алқасының құрамында болды. «Tenge Monitor» газетінің бөлім меңгерушісі Нұрлан Құмар сараптамалық қазылар алқасының үстінен бас бақылаушы қызметін атқарды.

«Қазақстандық балмұздақ компанияларының өндірген әртүрлі өнімдердің артықшылығы мен аздаған кемшіліктері байқалып тұрды. Дегенмен әлі де болса жетілдіру қажет. Ол үшін ізденіске толы әрекеттер жүзеге асса құба-құп», – деп атап өтті журналист Нұрлан Құмар.   

Дегустаторлар балмұздақты сыртқы түрі, жалпы дәмі, балмұздақтың түсі, шоколад глазурінің өңі және табиғилығы сияқты өлшемдерге сәйкес бағалады. Пікірлердің плюрализм принципін сақтау үшін жеңімпаз балмұздақ тікелей таңдалмады. Алайда көшбасшылар анықталды.

Табиғи теңдестірілген дәмі, жаңғақтардың сапасы, жақсы шоколад және көзге ұнамды талғампаз келбеті үшін сарапшылар «Белочка» эскимосын атап өтті. Фавориттер арасында «Мишка на Полюсе» шоколадтағы зефир пломбирі де бар, ол қазылар алқасының өкілдеріне жақсы шоколад пен жағымды тәтті балмұздақ құрылымды-суфле үшін ұнады. «Золотой стандарт» глазурдегі пломбирі нәзік және табиғи сүт дәмі, жағымды хош иісі және қытырлақ шоколад глазурі үшін мақұлдауға ие болды. «48 копеек» қара шоколадтағы пломбирі қанықтылығы мен нәзік кілегейлі құрылымы үшін атап өтілді.

Табиғи сүттің дәмі бар, қара печенье мен балмұздақтың сәтті үйлесуі «Бомбада» байқалды, ол қазылар алқасының пікірінше, әсіресе кіші жастағы балмұздақ сүйермендеріне ұнауы тиіс. Сондай-ақ, «классикалық» бай кілегейлі дәмі мен жағымды құрылымы үшін сараптамалық комиссия бірауыздан «Миша» пломбир эскимосына ерекшеледі.

«Бұл мен қатысқан ең дәмді дегустациялардың бірі болды. Балмұздақ көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп бекер айтылмайды – мен дәмін татудан кейін, шынымен де, позитивті әсердемін, менің ойымша, бүгін жеңілгендер жоқ. Дегенмен, менің субъективті пікірім көптеген қазақстандықтардың пікірімен сәйкес келетініне қуаныштымын. Менің таңдауым отандық өндірушінің «Белочка» және ресейлік «Магнат» балмұздақтары болды. «Белочка»  жаңғақтардың, жағымды дәмнің, жақсы шоколадтың және тәбетті түрінің болуымен ұнады. Ал «Магнат» шоколадты трюфельі де көздің жауын алады, жағымды, тым тәтті емес дәмі бар, субъективті сезіммен зер салсақ, ең аз хош иістендірілген. Менің негізгі тұжырымым және кеңесім – әр түрлі балмұздақтардан дәм татыңыз, жаңа дәмдерді байқап көріңіз, осындай гастрономиялық рахатқа тек жазда ғана емес, қыста да бөленуге мүмкіндік тауып көріңіз», –  деді «HoReCa Қазақстан» мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындары Ұлттық қауымдастығының өкілі Денис Мұсабаев.

Қазір 230 мыңға жуық адам жұмылдырылған HoReCa саласы күрделі кезеңдерді бастан өткеруде. «HoReCa Қазақстан» қауымдастығы бейресми сипатта өткізілген дегустация сала қатысушыларына, оның ішінде балмұздақ өндіруші – үздік серіктестердің үздік өнімдеріне артықшылық беруде септігін тигізеді деп үміттенеді.

                                                  

348 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз