Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қаңтар, 2021

Елорда әлі «қызыл» аймақтан шыққан жоқ

Елордалық дәрігерлер Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды қасақана бұзушылардың портретін жариялады. Дәрігерлердің айтуынша, олар негізінен ойын-сауық орындарына барып, шектеулі санитарлық нормаларды сақтамайтын адамдар.
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қалада бірқатар шектеу нормалары енгізілді. Осылайша, СОО жұмыс күндері 20.00 – ге дейін, демалыс күндері жұмыс істемейді. Кафелер мен мейрамханалар жұмыс күндері және демалыс күндері тек 20.00-ге дейін жұмыс істейді (ғимараттың сыйымдылығы 30 орыннан аспауы тиіс). Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Қалада мобильді топтармен күнделікті негізде санитарлық нормаларды сақтау объектілеріне рейдтер жүргізілуде.
Жағдайды тұрақтандыру үшін барлық азаматтар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ұстанып, маска режимі сақталады. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, коронавирустың күрт өршуіне және жаппай таралуына жол бермеуге болады. Еске сала кетейік, елорда «қызыл» аймақта орналасқан.  

357 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз