Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 27 Қаңтар, 2021

Панфилов ауданында 40 млн доллар болатын мал фермасы салынады

Алматы облысы Панфилов ауданында жалпы құны 40 млн доллардан асатын ферма салынады. Ірі қараға арналған мал фермасы сүтті бағытта дамытылады. Бұл туралы аудан әкімі Талғат Өмірәлиев аудан тұрғындарымен өткізген есепті кездесуде айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімдігінің мәліметіне қарағанда, ферманы іске қосу үш кезеңде жүргізілмек.Құрылысы биыл басталатын нысанға 2021-2022 жылдары аралығында "AL SUT" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1200 бас ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Осы жылдарда фермаға30 млн доллар инвестиция тартылса, келесі кезеңде яғни 2022-2023 жылдары тағы 1200 бас ірі қара сатып алуға 10 млн доллар қаражат тартылмақ. Ферманың үшінші кезеңі - қайта өңдеу жұмысына қарастырылатын қаржы екі кезең толықтай аяқталғанда анықталады.Ферма жұмысын бастаған сәтте сүт фермасында 100 жұмыс орны ашылады, күрделі жем өндіру ісінде тағы 150 адам жұмыспен қамтылмақ.

Атап өтсек, ауданда бұған дейін «Көктал Агро» ЖШС сүт фермасы іске қосылған болатын. Оның жобалық құны – 2,5 млрд теңге, фермада қазір 110 бас сиыр сауылады.Күніне 2600 литр сүт Талдықорған қаласындағы «JLC Сүт» ЖШС-ға өткізіледі. Қазір ферманы ары қарай дамыту мақсатында Австрия мемлекетінен қосымша 189 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды құнажындар сатып әкелініп, қазір карантинде ұсталуда.

Өткен жылы Панфилов ауданында ауыл шаруашылығы саласында 51 млрд. 200 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 млрд. теңгеге артық. Сондай-ақ, ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өткен жылы 1 млрд. 130 млн. теңгеге қажетті техника сатып алынды.

Жалпы 2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысының мал шаруашылығында асыл тұқымды мал мен құстың үлесі орта есеппен 25% жетті.Осы мақсатта мал тұқымын асылдандыру шараларымен ірі қара малдың аналық басының 32% қамтылды, 957 шаруашылық 78 мың бастан астам мал сатып алды. Өткен жылы өңірде 10 мың басқа арналған 13 жаңа нысан іске қосылды. Барлығы 192 объект жұмыс істейді, соның 110-ы мал бордақылаумен айналысады, 82-сі - тауарлы сүт фермасы. 2020 жылы барлығы 40,4 млрд. теңгелік 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның нәтижесіндеАӨК негізгі капиталына тартылған инвестиция легі шамамен 13% артты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы ішкі өнім көлемі 918 млрд. теңгеге жетті.

637 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз