Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 17 Ақпан, 2021

Джефф Безос әлемдегі ең бай адам

Мультимиллионер және Amazon компаниясының иесі Джефф Безос Tesla мен SpaceX компаниясының басшысы Илон Маскты басып озып, әлемдегі ең бай адам атағын қайтарып алды. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Джефф Безос соңғы аптада 372 млн долларынан айырылғанына қарамастан, 191 млрд доллар байлығымен ең бай адамдар рейтингінде бірінші орынға шықты.

Ал Илон Маск 4,5 млрд долларынан айырылып, оның активтері 190 млрд долларды құрады.

Рейтингтегі үшінші орында 137 миллиард доллар дәулетімен Билл Гейтс тұр. Bloomberg-тің хабарлауынша, Безос әлемдегі ең бай адамдар тізімінде үш жыл қатарынан көшбасшы болған, бірақ 2020 жылдың басында Tesla капитализациясының күрт өсуіне байланысты Маск оны басып озды.
 

918 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз