Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 18 Ақпан, 2021

Трамптың қонақ үйінің жарылысы видеоға түсіп қалды

Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Ситиде бұрын АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа тиесілі болған 39 қабатты казино мен Trump Plaza қонақ үйі жарылды.

Жарылыстың видеосы тарап кетті. Атақты ғимараттың сүрілуін көруге көптеген қала тұрғыны келгені белгілі болды.

Мәліметтер бойынша мекеме 1984 жылы мамырда ашылып, қаладағы оныншы казино болған, бірақ 2014 жылы ол жабылып қалған. Мекеменің жабылуына байланысты мыңдаған адам жұмыссыз қалды. Казино жұмысын тоқтатқаннан кейін 2016 жылы меншік Trump Entertainment Resorts-тан Icahn Enterprises-ке өтті. Белгілі болғандай Атлантик-Сити мэрі Марти Смолл өзінің әкімшілігіне 2020 жылы өздігінен құлай бастаған ғимаратты сүру туралы тапсырма берген.

 

 

757 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз