Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 19 Ақпан, 2021

Жаңғыру жаңа әліпбиден басталады

Латын әліпбиіне көшу –  біз үшін тиімді.  Ол біздің ұлттылығымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады.

     Жетілдірілген әліпби халқымыздың жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді, диграфтар, яғни бір дыбысты екі немесе одан көп таңбамен белгілеу принципі қолданылмайды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы   9 қарашадағы өткізген  кеңесінде  латын әліпбиін енгізу жұмысы  біртіндеп жүзеге асуы керек. Мәселе – кириллицадан латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы. Негізінде, бұл графика жас ұрпаққа арналған деп айтуға болады. Оның игілігін, ең алдымен, солар көруі керек. Сондықтан, бұл үрдіс жоспарлы түрде, біртіндеп іске асырылуы қажет, – деп тоқталды.

   Осыған орай, Ұлттық комиссиясы жанындағы Орфографиялық жұмыс тобы отырысының шешіміне сәйкес қазақ тілінің графикасына негізделген әліпбиі бойынша кейбір диакритикалық таңбаларды қолданудың тиімді/тиімсіздігін анықтау үшін тіл оқыту орталықтары да сынама сабақтар жүргізуді қолға алды.

    Жетілдірілген қазақ әліпбиінің құрамындағы әріптер атауы мен қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінідегі тілдің дыбыстық ерекшелігіне орай, жіңішке дауысты дыбыстарға умлаут, ызың, қатаң дауыссыз дыбысқа седиль диакритикалық таңбалар беріліп отыр.

    Мысалы: Дауысты дыбыс таңбаларындағы (ә, ө, ү, ұ) әріпүсті диакритикалар умлаут Ää, Öö, Üü; макронмен Ūū) таңбаланған.

Мысалы, Ш дыбысы бір таңбамен берілген. Дауыссыз дыбыс әріпасты (ш) диакритикасы седиль Şş таңбасымен берілді. Дауыссыз дыбыс таңбаларындағы (ғ) әріпүсті диакритикалар (бревис Ğğ) және (ң) әріпі (ŋ eng) таңбасымен берілгенін байқаймыз.

   Тіліміздегі төл дыбыстырамыздың құндылығын жоғалтып алмасақ дейміз.

     Жетілдірілген әліпбидегі өзгерістерге ұшыраған әріптерді жекелей көрсете отырып, оң өзгерістер екенін айтқымыз келеді. Қазақ тілінің болашағы зор болсын десек, қолымыздағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып, төл дыбыстарымызды таңбалайтын дыбыстардан құралған ұлттық әліпби болғанын қалаймыз.

Ләйлә Абилмажинова,

«ШҚ лингвистикалық орталығының оқытушысы, филология магистрі

1622 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз