Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Ақпан, 2021

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі мыңнан астам дозасы жеткізілді

Ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 2030 екінші компоненті елордалық Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді. Екі компоненттің сыртқы бейнесі түс айырмашылығымен ерекшеленді.

Біріншісі көк, екінші компонент қызыл түсті. Бір флакон 5 адамға екпе салдыруға арналған. Келіп түскен жаңа дозалар бірінші кезеңде вакцинациялау үшін белгіленген қалалық емханаларға тапсырылды. Оларменен ауруханалардың медициналық қызметкерлерін, жедел-жәрдем бригадалардың фельдшерлерін, сүзгі кабинеттің қызметкерлері және басқалар вакцинациялау жалғасады.

21 күннен кейін тиісті екінші екпесін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов та алды. Емшара бөлмесінің қызметкерлері Мұратовтың халін сұраған кезде ол денсаулығының сыр бермегенін жеткізді. 

«Кішкене әлсіздік байқалды. Бірақ вакцинадан кейінгі мүмкін болатын әсерлерден хабардар едім. Коронавирус жұқтырып, ауырып қалу қорқынышы оған қарсы екпе алудан әлде қайда жоғары», - деп атап өтті Т.Мұратов. 

Жалпы елордада вакцинациялау басталғалы бері 2008 адам екпе алды. Жоспар 5 700 адамға екпе салдырту. 

 

 

445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз