Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Ақпан, 2021

7 миллион жымқырған алаяқ ұсталды

Түркістан облысында полицейлер тұрғындарды алдаған алаяқты ұстады. Ер адам мемлекеттен субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, Келес ауданы тұрғындарынан жеті миллион теңге алған.

Түркістан облысы тұрғынынан Келес АПБ кезекші бөліміне арыз түскен. Ол белгісіз ер адамның қомақты мөлшердегі ақшаны қалай алып кеткенін айтты.

"Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ ауыл тұрғындарына тегін субсидия алуға көмектесетінін айтқан. Кейін олардан алдап-сулап 3,5 миллион теңге алып кеткен. Бір айдан кейін ғана еш нәтиже болмағанықтан жәбірленуші полиция көмегіне жүгінді", - деді полиция департаменті қызметкерлері.

Алаяққа қатысты іс РҚ ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркелді. Полицейлер күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

"Тергеу нәтижесінде ер адамның субсидия алуға көмек көрсемін деген сылтаумен жәбірленуші сеніміне кіріп, ақшасын имденіп, уәдесін орындамай жасырынғанын анықталды. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы шамамен жеті миллион теңге. Осындай жолмен алаяқ тағы үш тұрғынды алдаған", - деп толықтырды ДП өкілдері.

622 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз