Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 22 Ақпан, 2021

«Қазақстанның 100 жаңа есімі - 2021» жобасы (видео)

https://www.facebook.com/100000425144626/videos/4296168047073991

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 4-інші кезеңінің басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Kazgazeta.kz  ruh.kz сайтына сілтеме жасап.

Өтінімдер 2021 жылдың 22 ақпанынан 15 наурызына дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында қабылданады.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жоба 2017 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен бастау алып, биыл жалғасын табуда.

«Биылғы байқау – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылуда. Осы жылдар ішіндегі еліміздің табыстары – ел азаматтарының ерен еңбегінің жемісі. «Жақсыдан үйрен» деген халқымыз жас ұрпақты осындай адамдардан өнеге алуға тәрбиелеген», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Жобаға елде және елден тыс жерлерде тұратын қазақстандықтар қатыса алады. 

Қатысушылардың өтінімдері келесі 7 номинация бойынша іріктеледі:

- медицина;

- білім беру;

- ғылым және инновация;

- экология;

- мәдениет және спорт;

- бизнес;

- қоғам.

Қатысу үшін 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Жоба шарттарына сәйкес қатысушы сенімді ақпарат беруге міндеттенеді. Заң бұзушылықтар, соның ішінде онлайн дауыс беру кезінде дауыстарды жасанды көбейту сынды өзге де фальсификациялар анықталған жағдайда, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығаруға құқылы.

Барлық өтінімдер модерациядан өтеді, кейін сайтта жарияланады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бүкілхалықтық онлайн-дауыс беру басталады. Сондай-ақ, өтінімдердің белгілі бір бөлігі танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, спорт, бизнес өкілдерінен тұратын қазылар алқасының қарауына ұсынылады. Оған қоса осы жылдан бастап өткен маусымдардың жеңімпаздары қазылар алқасының құрамына енеді.

Дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинаған және қазылар алқасының таңдауына ілінген қатысушылар жоба жеңімпаздары атанады. Олардың есімдері биылғы сәуір айында белгілі болады.


 

35566 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз