Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Ақпан, 2021

Месси тағы рекорд жаңартты

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси испаниялық "Барселона" сапындағы матчтар бойынша рекорд орнатты, - деп хабарлайды ВТ.

Испания чемпионатының 24-турында футболшы каталониялықтар сапындағы 506-шы матчын өткізді. Осылайша, Месси бұған дейін 505 ойын өткізген испаниялық Хавиді озып, клуб рекордын орнатты.

 

 

NEXT VICTIM! Leo #Messi has now scored against 3️⃣8️⃣ different teams in @LaLigaENpic.twitter.com/59A8goxY8E

— FC Barcelona (@FCBarcelona) February 21, 2021

 

Сонымен қатар, Месси Ла Лигада пенальтиден 60 гол соққан екінші ойыншы болды. "Реал" сапында пенальтиден 61 гол соққан Криштиану Роналду бұл көрсеткішке бірінші жеткен болатын.  

Месси - "Барселона" мен Аргентина құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген. "Алтын доп" пен "Алтын бутсаның" алты дүркін иегері. "Барселона" академиясының түлегі, 17 жасынан бастап бірінші командада ойнайды. Содан бері ол клубпен бірге он мәрте Испания чемпионы атағын, төрт рет УЕФА Чемпиондар Лигасын, алты рет Испания кубогын, сегіз мәрте Испания Суперкубогын, үш рет Еуропа Суперкубогын және үш рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.

504 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз