Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Ақпан, 2021

«Қазақ дикторларының анасы» атанған Зұлқия Мұқанқызы 101 жасқа толды

Бүгін Алматы қаласының мұражайында Зұлқия Мұқанқызы Жұматованың 101 жасқа толуына арналған көрме ашылды. Зұлқия Мұқанқызы Жұматова 1920 жылдың 20 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Алматы телестудиясы ашылған 1958 жылы дикторлыққа жарияланған конкурсқа қатысып, 750 адамның арасынан үздік шығады. Сол қара шаңырақта 1958 жылдан 1970 жылға дейін қызмет етті.

Зұлқия Мұқанқызы 1958 жылы кастингке келген кезінде, Мәдениет министрлігінің өкілдерінен - 20 кісіден тұратын комиссия мүшелерінің бірі қазақтың әйгілі режиссері, КСРО-ның халық әртісі - Шәкен Кенжетайұлы Айманов болған. Ол Зұлқия Мұқанқызынан кадрға қарау үшін өзінің өлеңдерінің бірін оқуды өтінген. Және де дәл сол кісі Зұлқия Мұқанқызымен тілдесіп, өз ризашылығын білдірген.

Қазақ теледидарының алғашқы көрсетілімі 1958 жылы 8 наурызда эфирге шықты. Алайда оған дейін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілгені хақ. Ел жаңалықтарын айтатын республиканың бет-бейнесі кім болатыны өте маңызды болды. Жарияланған конкурста 750 қатысушының арасынан үздік шыққан Зұлқия Мұқанқызы болды.

Зұлқия Мұқанқызы тағдырдың тәлкегіне жастайынан қалган, ата-анасынан ерте айырылып, отбасында іні-сіңлілерінің өмірі үшін үлкен жауапкершілік мойынына артқан. Соғыс жылдары Зұлқия Жұматова зауытта жұмыс істеп, кешке дейін ол тылда көмектескен. Тұрмыс құрып, екі баланың  анасы атанған. Теледидарға келмес бұрын Зұлқия Мұқанқызы өлең мен әңгімелер жазып, аударма ісімен айналысты.Шығармашылық қабілетін дамытты. Екі баласын бағып-қағып өсірді. Өлеңдері республикалық газеттерге басылды.Зұлқия Мұқанқызы өзінің диктор ретіндегі мансабын 1958 жылы тыңдауға келгенде бастаған.

Көрмеде тағы Зұлқия Мұқанқызының жеке фотосуреттері қойылған. Бұл фотосуреттерде Зұлқия Мұқанқызы 1958 жылы кино сынамасындағы фотосы, әріптестерімен және бүкіл Кеңес одағына әйгілі, керемет дауыс иесі – Юрий Левитанмен. З. Жұматова мен әріптестерінің еңбегіне Ю.Левитан жоғары баға беріп: «Кеңес Одағындағы ең үздік дикторлық топ – алматылықтар» деген болатын.

Сол кезде теледидарға телмірген аудиторияға қазақ тілінде хабар таратқан тұңғыш диктор Зұлқия Жұматова болса, орыс тілінде Нелли Омарова болды. 1958 жылы Нелли Андреевна мен Зұлқия Мұқанқызы бір күнде Алматы телестудиясына дикторлық қызметіне тағайындалған .

Зұлқия Мұқанқызы отандық көгілдір экранда тұңғыш рет қазақ тілінде эфирге шыққан Қазақ телевизиясының қарлығашы. Бүгінде 101 жасқа толған «Қазақ дикторларының анасы» атанған Зұлқия Мұқанқызын халық ерекше құрметтейді. 1922 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған республикалық бірінші телеарнасының тарихында Зұлқия Мұқанқызының орны ерекше.

Бексұлтан Нұрланұлы

1915 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз