Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 23 Ақпан, 2021

8 мың азаматқа жеңілдетілген заем беріледі

Биыл баспана кезегіндегі 8,8 мың азаматқа жеңілдетілген заем беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жариялаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

"2020 жылы елімізде 15,3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. 140 мыңнан астам тұрғын-жай пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 2019 жылмен салыстырғанда өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Мемлекет қаражатының 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестиция тартылды. 38,4 мың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 28 мың әлеуметтік баспана және 10,4 мың жеңілдетілген заем берілді», - деді ол.

Оның айтуынша, биыл жалпы алғанда қаржыландырудың барлық көздері есебінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл 163 мың баспананы құрайды.

«Мемлекеттік инвестиция есебінен кезекте тұрған 31,3 мың адамға қолдау көрсетіледі. 22,5 мың әлеуметтік баспана салынып, сатып алынады және кезекте тұрған азаматтарға 8,8 мың жеңілдетілген заем беріледі», - деді Бейбіт Атамқұлов.

606 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз