Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Ақпан, 2021

Банктер салынып жатқан үйлерге кепілсіз ипотека береді

Бұл туралы бүгін тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері қаралған Үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов айтты.

«Жосықсыз құрылыс салушылардың үлестік тұрғын үй құрылысы саласындағы заңнаманы бұзуы жеке проблема болып табылады. Өткен 2 жылда осындай 123 компания анықталды. Қаржылық тұрақсыз компаниялар сапалы және арзан тұрғын үйге уәде бере отырып, әртүрлі кооперативтер, одақтар, жарналар арқылы халықтың салымдарын ашық түрде тартады. Сонымен қатар, бұл жағдайда құрылыстың аяқталуына ешкім кепілдік бермейді. Қолданыстағы екі тәсілді ғана сақтау ұсынылады: кепілдік беру тетігі және ЕДБ арқылы жобалық қаржыландыру», - деді холдинг басшысы.

Бұл ретте ол халықтың қаражатын тартуға құқылы құрылыс компанияларының қарапайым және барлығына түсінікті рейтингін енгізу қажеттігін айтады.

«Принцип келесідей - қаржылық тұрғыдан орнықты компаниялар үшін кепілдендірудің қолданыстағы тетігі сақталады. Рейтингі төмен компаниялар үшін Бірыңғай оператор белгіленген бағалар бойынша халықтан үлестік салымдарды тікелей тартатын және арнайы эскроу-шоттағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ететін болады. Өз кезегінде коммерциялық банктер халыққа салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға қосымша кепілсіз ипотека бере алады», - деді Айдар Әріпханов.

355 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз